«Айналайын» жазғы лагерінің 2-ші күні – «Достық пен бірлік күні» 🤝
Бүгін лагерімізде достықтың қадірін арттырып, бірлік пен татулықты насихаттаған ерекше күн өтті. Балалар «Достық шеңбері» ойындары арқылы бір-бірімен жақынырақ танысып, көңілді сәттерге толы уақыт өткізді.
✨ Командалық «Disney Land шеруі» балалардың ұйымшылдығын, шығармашылығын және белсенділігін көрсетті. Ал «Менің достарым» шығармашылық жұмысында әр қатысушы өз достарына деген ыстық ықыласын сурет пен коллаж арқылы бейнеледі.
Күн соңында балалар өз әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарқасты.
💫 Біздің бүгінгі ұранымыз:
«Достық бар жерде – қуаныш бар!»
#АйналайынЖазғыЛагері #ДостықПенБірлікКүні #БақыттыБалалықШақ #Жаз2026






Қазақша
Русский