Айналайын» жазғы лагерінің 4-күні «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында аталып өтті.
Айналайын» жазғы лагерінің 4-күні «Мемлекеттік рәміздер – ел мақтанышы» тақырыбында аталып өтті.Бүгінгі күн тәрбиеленушілер Қазақстан Республикасының Әнұранын орындап, Мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы мағлұмат алды. Танымдық сағат барысында балалар викториналық сұрақтарға жауап беріп, рәміздер туралы білімдерін толықтырды.
«Менің Қазақстаным» шығармашылық жұмысында балалар туған елге деген сүйіспеншіліктерін жеткізді. Сонымен қатар «Көк Туымыз биікте!» спорттық эстафетасы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұйымшылдық пен белсенділікті арттырды.
🇰🇿 Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздігіміздің нышаны, елдігіміздің айғағы. Жас ұрпақтың бойында Отанға деген мақтаныш пен патриоттық рух қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
«Көк байрағым – мақтанышым, Елтаңбам – елдігім, Әнұраным – рухым!\

Қазақша
Русский