Бүгін 11 мамыр күні Д. Қонаев ЖББОМГ мектеп асхана сапасына мониторинг өткізілді . 📝
Тексеру барысында санитарлық талаптар, тағам сапасы, сақтау шарттары және қызмет көрсету деңгейі қаралды. Ұжым жауапкершілікпен жұмыс атқарып, барлық талаптардың сақталуына мән берілді.
Басты мақсат — оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз тағам ұсыну. Алдағы уақытта да қызмет сапасын одан әрі жақсарту бағытында жұмыс жалғасады. 👩🍳 Оқушылардың жайлы әрі сапалы тамақтануы 🍎 үшін асханаға жаңа ыдыстар алынды 🍽️ . Жаңартылған ыдыстар асхананың көркін арттырып қана қоймай, тазалық пен қауіпсіздік талаптарына сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазақша
Русский