«Балалар күлкісі – өмір сәні»
Бұл күні «Балалар күлкісі – өмір сәні» тақырыбында арт-терапиялық жұмыс өткізілді. Оқушылар сурет салу, шығармашылық тапсырмалар орындау арқылы өз ойларын еркін жеткізді. Арт-терапия балалардың эмоционалдық жағдайын жақсартып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Түрлі түсті ермексаздан әсем әрі қызықты мүсіндер жасап, қиялдарын ұштады. Балалар шығармашылық қабілеттерін дамытып, өз қолдарымен жасаған туындылары арқылы ерекше көңіл күй сыйлады. Әрбір жұмыс – олардың таланты мен еңбегінің жарқын көрінісі. Көңілді де мазмұнды өткен күн оқушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.





Қазақша
Русский