Д. Қонаев атындағы ЖББОМГ Қамқоршылық кеңесінің отырысы
2026 жылдың 4 тамыз күні Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп – гимназиясында Қамқоршылық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде: 1. 2026-2027 оқу жылына арналған қосымша ақылы білім беру бағдарламаларының мазмұнымен танысу және осы бағдарламалар аясында көрсетілген қызметтердің ақысын бекіту.
2.Жетім балаларды, ата — анасының қамқарлығынсыз қалған балаларды, мүгедектігі бар білім алушыларды және әлеуметтік жағынан осал топтардағы отбасылардан шыққан оқушыларды қосымша білім беру үйірмелері мен спорт секцияларына ақысыз негізде қамту туралы мәселені қарау және жеңілдіктер тізбесін бекіту.
3.Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жекелеген санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы.
Отырыста кеңес мүшелері өз ұсыныстарын білдіріп, бірлескен шешімдер қабылдады. Кеңес жұмысының басты мақсаты – білім беру сапасын жақсарту және балаларға қолайлы орта қалыптастыру.
Қамқоршылық кеңес мүшелеріне белсенділігі мен жауапкершілігі үшін алғыс білдіреміз! Ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңіз біз үшін маңызды.

Қазақша
Русский