Ең алдымен – адамдар
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы базасында мектеп директорының орынбасарларына арналған «Ең алдымен – адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбындағы біліктілікті арттыру семинарына Шамгунова Ботагоз Сайлаубековна (28-30 қазан 2025 жыл), Ермухамбетова Аругуль Жанаевна (05-08 қаңтар 2026 жыл) қатысып, 24 академиялық сағат көлемінде сәтті аяқтап, арнайы сертификаттар алды.
Семинар барысында қатысушылар заманауи басқару тәсілдері, азаматтарға сапалы қызмет көрсету стандарттары және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру тетіктері бойынша өз білімін жетілдірді.

Қазақша
Русский