Ермухамбетова Аругуль Жанаевна
Ақтөбе облысының Қобда ауданында 1989 жылы 27 қаңтарда дүниеге келген. Сақтаған Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін 2011 жылы «Мемлекеттік және жергілікті басқару», 2013 жылы «Педагогика және психология» білім бакалавры мамандықтары бойынша бітірген. Педагогикалық еңбек өтілі: 15 жыл.
Еңбек жолы: Ақтөбе қаласындағы «№45 орта мектеп» КММ-де психолог қызметінде бастап, әлеуметтік педагог, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған (2012-2017 ж.ж.); «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ жалпы орта және мектепке дейінгі білім беру секторының бас маманы (2017-2018 ж.ж); «Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімі» ММ мұрағат меңгерушісі (2018-2019 ж.ж); «Әбіш Кекілбаев атындағы №72 жалпы білім беретін орта ІТ мектеп-лицейі» КММ директорының профильді оқыту ісі жөніндегі орынбасары (2019-2021 ж.ж); 2021 жылдың 21 желтоқсанынан бастап директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Басқару қызметінің бейіні бойынша біліктілікті арттыру курстары:
«Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ жалпы білім беретін мектеп басшыларына арналған «Білім берудегі көшбасшы бағдары» халықаралық басқару интенсиві, 2023 жыл, «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы «Білім берудегі менеджмент» білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы» оқу курсы, 2024 жыл, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты «Оқушылардың кәсіби бағдар беру бойынша мектеп қызметін ұйымдастыру» біліктілікті арттыру курсы, 2026 жыл, Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты «Қаржылық сауаттылық негіздері» біліктілікті арттыру курсы, 2026 жыл, ҚР президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Ең алдымен адамдар: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» біліктілікті арттыру курс бағдарламасы, 2026 жыл.
Марапаттары: «Сапалы білім беруде мұғалімдердің кәсіби дамуын үздіксіз қолдау» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар-практикумда өз тәжірибесімен бөліскені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты директоры Н.Абишевадан алғыс хат, 2023 жыл, Жас ұрпақты адамгершілік құндылықтарға, отансүйгіштікке, білімпаздыққа тәрбиелеуде, қоғамның адами капиталын қалыптастыруда ерекше еңбек еткеніңіз үшін Ақтөбе облысының білім басқармасы Ж.Сұлтаннан алғыс хат, 2023 жыл «Мектептегі жобалық және зерттеу жұмыстар: ғылымға қадам басу» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда өз баяндамасын ұсынып, жоғары деңгейде ат салысып, салмақты ой мен құнды пікірімен кәсіби деңгейде тәжірибесімен бөліскені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты директоры Н.Абишевадан алғыс хат, 2024 жыл, «Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім берудегі озық тәжірибесін көпшілікке танытып және әдістемелік жұмыстағы жоғары белсенділігі үшін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры Ж.Нургалиевадан құрмет грамотасы, 2024 жыл, BilimClass платформасының дамуына қосқан үлесі үшін Bilim Land компаниясының бас директоры Т.Б.Муктаровтан алғыс хат, 2025 жыл, «Білім берудегі жасанды интеллект: қолдау салалары мен әдістері» тақырыбында облыстық семинар-практикумда өз тәжірибесімен бөліскені үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіби даму институты директоры Н.Абишевадан алғыс хат, 2026 жыл

Қазақша
Русский