Инклюзивті мәдениетті қалыптастыру жоспары аясындағы кездесу
Бүгін мектебімізде инклюзивті мәдениетті дамытуға бағытталған маңызды шара өтті.Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубының кәсіби мамандары және пара спорт бойынша әлем чемпиондары оқушылармен арнайы кездесу өткізді.
Кездесу барысында спортшылар өздерінің өмір жолы, жетістіктері және қиындықтарды жеңу тәжірибесі туралы әсерлі әңгімелеп, балаларға жігер мен мотивация сыйлады. Оқушылар пара спорт түрлері, спорттық мүмкіндіктер және ерік-жігердің маңызы туралы құнды ақпарат алды.
Бұл шара жастар арасында толеранттылықты, өзара құрметті , инклюзивті көзқарас пен белсенді өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.




Қазақша
Русский