КАЛДЫГАРИНА ЖАЙНАГУЛ ИЛЬЯСОВНА
1984 жылы 14 сәуірде Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Милы ауылында дүниеге келген. 1990-2001 жылдары Милы орта мектебінде жалпы орта білім алып, 2001 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 2004 жылы «Бастауыш сыныпта оқыту» мамандығы бойынша «үздік» дипломмен тәммамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Заречный мектеп-балабақшасында бастауыш класс мұғалімі болып бастаған. (2005-2015жж.) 2015-2018 жылдары №53 жалпы білім беретін орта мектепте бастауыш класс мұғалімі; 2019 жылдың 2 қыркүйегінен бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне ауыстырылып, 6 жыл директор орынбасары қызметін атқарды. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап конкурстық негізінде «Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Еңбек өтілі – 19 жыл. Санаты – педагог-зерттеуші, лауазымдық санаты – ІІ санатты басшының орынбасары.

Қазақша
Русский