Кітап клубының кезекті практикалық отырысы мазмұнды әрі әсерлі өтті.
🤝📚Кітап клубының кезекті практикалық отырысы мазмұнды әрі әсерлі өтті. Бұл жолы оқырмандар “Менің атым Қожа” шығармасын талқылап, Қожаның мінезі мен іс-әрекеттеріне терең талдау жасады. Кейіпкердің қателігі мен арманы, бала көңілінің тазалығы мен тентектігі жайлы ойлар ортаға салынып, қатысушылар белсенді пікір алмасты.
💫🔍Отырыстың қорытынды бөлімінде келесі кездесуге арналған шығарма бекітіліп, оқу жоспары нақтыланды. Кітап клубы мүшелері жаңа туындыны қызығушылықпен оқып келуге уағдаласып, рухани әлемдерін байытуға тағы бір қадам жасады.

Қазақша
Русский