Рашидқызы Жаңылхан
1996 жылы 8 ақпан Атырау облысы Құлсары ауданында дүниеге келген. 2003-2014 жылдар аралығында Ақтөбе қаласы №41 жалпы білім беретін орта мектебінде білім алды, 2014-2018 жылдар аралығында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінде «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алған. Педагогикалық өтілі-8 жыл, біліктілігі педагог-сарапшы. 2025 жылдан бастап Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Еңбек жолы: 2018-2020жж. Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе орта мектебі» аға тәлімгер, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2020-2022жж. Ақтөбе қаласы. №22 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2022-2025жж №22 орта мектебінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, 2025жж. Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Марапаттары: «Педагогикалық мобильдік көмек» жобасы аясында «оқушылардың жоба жұмыстары оқу үдерісіндегі пәнаралық байланыстың инновациялық құрамдас бөлігі» тақырыбында облыстық семинарда іс-тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хат. Ақтөбе қ.2022ж, Мадақтама, Шымкент қ 2022ж, Алғыс хат «Дарын» РҒПО 2025ж.

Қазақша
Русский