«Ғарыш миссиясы»: Оқушылардың ғылымға қызығушылығын арттыру шарасы
Талғат Мұсабаевтың туғанына 75 жыл толуына орай, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында мектеп кітапханашылары ұйымдастырған «Ғарыш миссиясы» тақырыптық дөңгелек үстел өз мәресіне жетті. Бұл шара оқушыларды ғылым әлемімен таныстыру, кітап оқуға және ғарышқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында өткізілді.
Шараға 6 «А» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар қазақтың даңқты ғарышкерінің ерлігі мен өмір жолымен танысып, оның ғарышқа жасаған саяхаты туралы қызықты мәліметтер алды.
Іс-шара барысында бірнеше интерактивті және танымдық әдістер қолданылды:
- Библиографиялық шолу арқылы ғарыш тақырыбындағы кітаптар таныстырылды.
- Wordwall платформасы арқылы оқушылар қызықты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін шыңдады.
- «Күн жүйесі» әдісі бойынша оқылған шығармалар талданып, негізгі ойлар мен идеялар ашылды.
- «3-2-1» әдісі арқылы оқушылар кері байланыс беріп, өз әсерлерін білдірді.
Мұндай шаралар оқушылардың тек кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын оятуға септігін тигізеді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе мектептегі оқыту процесіне жаңа интерактивті тәсілдерді енгізудің үлгісі болып отыр.
Қорыта айтқанда, «Ғарыш миссиясы» дөңгелек үстелі оқушыларға білім мен шабыт сыйлап, болашақта ғылымға қызығушылық танытатын жаңа буынның қалыптасуына үлес қосты.

Русский
Қазақша