ҚОЛДА, ТҮСІН, ҚАНАТТАНДЫР!
Инклюзивтік мәдениет қалыптастыру жоспарына сәйкес мектеп-гимназиясында оқушылар мен ата-аналарға арналған “ҚОЛДА, ТҮСІН, ҚАНАТТАНДЫР!” атты логопед, дефектолог, психолог және әлеуметтік педагогтардың бірлескен семинары өтті. 🌈🤝
Семинар барысында мамандар:
• инклюзивті ортадағы қолдаудың маңызы туралы түсіндірді; 💬✨
• сөйлеу, оқу және мінез-құлық дағдыларын дамыту жолдарын таныстырды; 📚🗣
• ата-аналарға баланың жеке ерекшеліктеріне қарай қолдау көрсету тәсілдерін ұсынды; 👥💛
• әлеуметтік-психологиялық бейімделуді нығайтуға бағытталған кеңестер берді. 🧠🤗
Іс-шараның мақсаты — ата-ана, оқушы және маман арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейту, оқушылардың әлеуетін ашуға қолайлы қолдау ортасын қалыптастыру. ✨🏫💞




Русский
Қазақша