Қыз балалармен маңызды кездесу өтті

Мектебімізде 6–7 сынып қыз оқушыларымен арнайы жиын ұйымдастырылды. Жиынға дәрігер-гинеколог қатысып, оқушыларға қыз баланың жеке гигиенасы, денсаулығы және тазалықтың маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Мұндай шаралар қыз балалардың денсаулық мәдениетін қалыптастыруға және өз-өзіне күтім жасауды дұрыс түсінуге үлкен ықпал етеді.

✨ Қыз баланың денсаулығы – болашақтың негізі!