«Үздік web-сайт» облыстық байқауында мектебіміздің ресми сайты БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді

🏆 МЕКТЕБІМІЗ – «ҮЗДІК WEB-САЙТ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ!

Қуанышты жаңалықпен бөлісеміз!

Облыстық мамандандырылған, жалпы орта, мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға деген қызығушылығын ынталандыру, сондай-ақ облыстың үздік білім беру ұйымының сайтын анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік web-сайт» облыстық байқауында мектебіміздің ресми сайты konaevmektep.edu.kz жоғары бағаланып, БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді! 🥇

Бұл – білім ордамыздың ақпараттық кеңістіктегі жетістігі, ұжымның шығармашылық ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысының жарқын нәтижесі.

Мектебіміздің мерейін асқақтатқан жеңіс құтты болсын! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктерге жете берейік!

  • 2023 жылы – І орын
  • 2024 жылы – ІІ орын
  • 2025 жылы – І орын
  • 2026 жылы-Бас жүлде

Жеңісіміз құтты болсын! 

Мәртебеміз биіктей берсін! 🎉

Мектептің ресми веб-сайтында оқу-тәрбие үдерісі, әдістемелік жұмыстар, оқушылар мен мұғалімдердің жетістіктері, нормативтік құжаттар, жаңалықтар, ата-аналарға арналған ақпараттар және мемлекеттік қызметтер бойынша қажетті мәліметтер тұрақты түрде орналастырылып келеді.