Үздік жас маман 2026

Астана қаласында «Адал адам – Адал ұрпақ» атты ұлттық тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған Республикалық «ҮЗДІК ЖАС МАМАН – 2026» байқауының қорытындысы бойынша Қонаев мектебіміздің мерейі  үстем болды!

📚 Білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі, кәсіби ізденісі мен жаңашылдығы бағаланып, жас маман, информатика пәні мұғалімі Сапаұлы Шыңғыс жүлделі I дәрежелі ДИПЛОМ иегері атанды!

🥇 Сонымен қатар «ҮЗДІК ЖАС МАМАН» төсбелгісімен және «Білім-Өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды!