ӘБІЛТАЙ НҰРБОЛ ӘМИТЖАНҰЛЫ

Әбілтай Нұрбол Әмитжанұлы 1993 жылғы 1 сәуірде Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Әлия Молдағұлова атындағы Ақтөбе гуманитарлық колледжін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2022 жылы Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетін «Информатика» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесімен бітірген.

Педагогикалық еңбек өтілі – 7 жыл.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құмтоғай жалпы білім беретін орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған.

2022 жылы Ақтөбе қаласындағы №74 Жалпы білім беретін орта мектепке қосымша білім беру педагогі қызметіне қабылданған.

2023 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында информатика пәнінің мұғалімі қызметін атқарған.

2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды.

Кәсіби қызметі барысында білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, информатика және робототехника бағыттарын дамытуға, қосымша білім беру саласын жетілдіруге және педагогтердің кәсіби дамуына бағытталған жұмыстар атқарып келеді.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хаты- 2024 ж. Ақтөбе қалалық білім бөлімінің Алғыс хат -2024ж.