«Өнерлі өрге жүзер» музыкалық байқауы
«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасы аясында ұйымдастырылған «Өнерлі өрге жүзер» музыкалық конкурсының қалалық кезеңі 12 қазанда өтті.
Байқаудың мақсаты – этнос жастарының қазақ халқының өнерін меңгеруге қызығушылығын арттыру және ұлттық музыкаға деген сүйіспеншілікті дамыту. 🎵
Қалалық кезең қорытындысы бойынша:
🎶 Лукин Иван – аспапта ойнау жанры жетекшісі Сатмағанбетов Еркин Жакыпович
🎤 Лукина Надежда – вокал жанры жетекшісі Жайманова Акерке Акбергеновна
облыстық кезеңге жолдама алды.
📅 2025 жылдың 14 қазанында өткен облыстық кезеңде:
🏆 Лукина Надежда – жүлделі III орын,
👏 Лукин Иван – Алғыс хатпен марапатталды.
Сонымен қатар жетекшілері Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысының Алғыс хатымен марапатталды. 🏅
Қатысушылар мен жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Шығармашылық табыс пен өнер жолындағы биік жетістіктер тілейміз!




