🌟 КӘСІБИ ЖЕТІСТІК – ЕҢБЕКТІҢ НӘТИЖЕСІ!
Бүгін мектебімізде кәсіби біліктілігін арттырып, педагогикалық шеберлігін жаңа деңгейге көтерген бірқатар ұстаздарымызға «Педагог-модератор» және «Педагог-сарапшы» біліктілік санаттары бойынша куәліктері салтанатты түрде табысталды. 🎓📜
Бұл – ұстаздардың өз ісіне деген жауапкершілігі, үздіксіз ізденісі мен кәсіби дамуға ұмтылысының айқын нәтижесі.
👏 Құрметті әріптестер, жаңа белестеріңіз құтты болсын!
Еңбектеріңіз еленіп, шәкірттеріңіздің жетістігі арта берсін! Биік белестерді бағындырып, педагогикалық жолда толағай табыстарға жете беріңіздер!


Русский
Қазақша