🎤📚 Әдістемелік кеңес — биыл ерекше форматта өтті!

Жыл қорытындысына арналған кеңес педагогикалық Stand up форматында ұйымдастырылып, ұстаздар қауымы еркін пікір алмасу алаңында бас қосты. 💡✨

Ұжым мүшелері мектеп өміріндегі өзекті мәселелерді талқылап, тың идеяларымен бөлісіп, ашық форматта ой қозғады. 🗣️🤝

Шынайы пікір, көтеріңкі көңіл-күй және креативті атмосфера жиынның басты ерекшелігіне айналды. 🎭🌟

Еркін форматта өткен бұл кездесу жыл соңында педагогтер үшін жаңа серпін мен шабыт сыйлады деп сенеміз! 🚀📖