🎪🍦 «Айналайын» жазғы лагерьдің соңғы күні
«Қош бол, лагерь! Кездескенше!»
Бүгін «Айналайын» жазғы лагерінің соңғы күні ерекше әсерге толы өтті. Оқушылар көңілді демалыстарын жалғастырып, Цирк Шапитоға саяхат жасап, қызықты қойылымдарды тамашалады. Цирк әртістерінің өнері балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
Саяхат барысында мектеп тарапынан оқушыларға тәтті балмұздақ таратылып, балалардың қуанышына қуаныш қосылды. Балалар лагерьде өткізген қызықты күндерін еске алып, достарымен бірге көтеріңкі көңіл-күйде уақыт өткізді.
☀️ Осылайша, «Айналайын» жазғы лагері өз жұмысын сәтті аяқтады. Барлық тәрбиеленушілерімізге жарқын жаз, қызықты демалыс, көтеріңкі көңіл-күй және жаңа жетістіктер тілейміз! Жазғы демалыстарыңыз қауіпсіз, көңілді әрі есте қаларлықтай болсын!
🌈 Сау бол, «Айналайын»! Кездескенше жаңа маусымда!
#АйналайынЖазғыЛагері #ЦиркШапито #ЛагерьдіңСоңғыКүні #ЖазғыДемалыс #БалаларҚуанышы 🎪🍦☀️💙

Русский
Қазақша