🏃♂️🏃♀️🏆 Спорттық эстафета – көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын жеңістер!
«Айналайын» жазғы лагерінде көңілді әрі тартысты спорттық эстафета ұйымдастырылды. Балалар әртүрлі кезеңдерден өтіп, өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін және командалық бірліктерін көрсетті.
Эстафета барысында қатысушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін байқатты. Спорттық сайыс балаларға жақсы көңіл-күй сыйлап қана қоймай, достық пен ұйымшылдықтың маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
Көңілді жарысқа толы бұл күн жарқын әсерлер мен ұмытылмас сәттерге толы болды. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, балалар уақыттарын пайдалы әрі қызықты өткізді. 💪✨
Спорт – денсаулық кепілі, ал бірлік – жеңістің бастауы! 🏅🌟
#АйналайынЛагері #СпорттықЭстафета #СалауаттыӨмірСалты #БақыттыБалалықШақ #ЖазғыЛагерь 🌞🏃♂️

Русский
Қазақша