🏆Қазақстан балалары шексіз әлемде республикалық ЖЕТІСТІК ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎉
2026 жылдың мамыр айында «Қазақстан балалары шексіз әлемде» республикалық балалар кинофестивалінің республикалық кезеңінде мектебіміздің оқушысы Қаржау Нұр-Ислам жүлделі ІІІ орынға ие болған еді. Бүгін Нұр-Ислам «Анашым-ай» әніне түсірілген бейнебаяны үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы атынан 50 Вт портативті колонка түріндегі жүлделі сыйлықпен марапатталды. 🎁🎤
Жетекшісі – Жайманова Акерке Акбергеновна.
Жас өнерпазымызды жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыты артып, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берсін! 🌟



Русский
Қазақша