🏆 Білім мен бәсеке алаңы!
Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында 5–8 сынып жасөспірімдері арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті.
Білімге құштар, ізденіске ынталылар бас қосқан шарада қатысушыларға сәттілік тілектері арналып, білім додасына алғашқы қадам жасалды.
Алда – білім мен ізденіс, алғырлық пен тапқырлық сынға түсетін жауапты кезең!
Әрбір қатысушыға сәттілік, биік белестер мен жарқын жеңістер тілейміз! Білім бәйгесінде оза шабыңыздар! ✨









Русский
Қазақша