🏆 ЖЕҢІС – ТАЛМАЙ ІЗДЕНУ МЕН ТАБАНДЫ ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ!
2026 жылы 30 қазанында өткен «2-8 класс оқушылары арасында «Зерде-2026″ республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша мектебіміздің жас зерттеушілері жүлделі орындарға ие болып, білім мен ғылым жолындағы тағы бір биік белесті бағындырды!
Бұл – ізденіске толы еңбектің, тың идеялар мен шығармашылық талпыныстың, табандылық пен мақсатқа деген ұмтылыстың жарқын нәтижесі. Қалалық кезеңге жолдама алып, 17 жобамен барған 27 оқушының 22-сі жеңіспен оралды. Бұл – тынымсыз ізденіс, табанды еңбек пен ұстаздардың бағыт-бағдарының жемісі. 🏆
- 1 орын- 4 А класс оқушылары Айтекова Айару, Сәрсенбай Айзере, Қазақ тілі мен әдебиеті секциясы, тақырыбы «Мүшел жас сырлары және жасанды интеллект», жетекшісі Қожан Сәуле Жанболатқызы
- 1 орын- 4 К класс оқушылары Шынболат Зере, Мұхамбетқали Азат, Математика және қолданбалы математика секциясы, тақырыбы «Ұлттық сәулет өнерін координаталар арқылы бейнелеу», жетекшісі Қасым Аққалы Сүйіндікқызы
- 2 орын- 5 Ә класс оқушысы Құсаин Төрехан, Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM инженерия секциясы, тақырыбы «Қарапайым ойыншықтар әлемі», жетекшісі Әбілтай Нұрбол Әмитжанұлы
- 2 орын- 5 Ә класс оқушысы Серікқали Тамирлан, Информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM инженерия секциясы, тақырыбы «Қарапайым ойыншықтар әлемі», жетекшісі Улмагамбетова Айнур Едилбаевна
- 2 орын- 2 Ә класс оқушысы Блиева Тоғжан, Экология, адам денсаулығы және психология секциясы, тақырыбы «Микрожасыл – иммунитетімнің досы», жетекшісі Конарова Гульмира Сагитжановна
- 2 орын- 7 Г класс оқушысы Жанболатбеков Ерасыл, технология, өнер, дизайн және креативті индустрия секциясы, тақырыбы «Пирография өнері мен қазақ оюларының заманауи үлгілерін ұштастыру», жетекшісі Оразалы Шапағат Серікұлы
- 2 орын- 4 А класс оқушысы Мұқамбетәзи Думан, Туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі
секциясы, тақырыбы «Көшпенділер ойыны», жетекшісі Қожан Сәуле Жанболатқызы
- 2 орын- 3 А класс оқушылары Танатов Алихан, Кайымова Шахназ, Тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық секциясы, тақырыбы «Жасанды интеллект және эко-мәдениет:
болашақ әлемін пластиктен қалай арылтамыз?», жетекшісі Нуркасова Ардак Еркингалиевна - 2 орын- 7 Е класс оқушысы Қалыбай Ақишан, Экология, адам денсаулығы және психология секциясы, тақырыбы «Иппотерапияның ЗРР және сенсорлық интеграция бұзылысы бар балаларды оңалтудағы рөлі», жетекшісі Бекова Камшат Маратқызы
- 3 орын- 4 В класс оқушысы Бостандық Айару, Орыс тілі және әдебиеті секциясы, тақырыбы ««Е» «Ё» близнецы или соперницы», жетекшісі Абдикова Кулшат Ерганиевна
- 3 орын- 4 В класс оқушысы Таженова Анель, Орыс тілі және әдебиеті секциясы, тақырыбы ««Е» «Ё» близнецы или соперницы», жетекшісі Ещанова Дания Маратқызы
- 3 орын- 2 А класс оқушылары Абай Ибрахим, Оспан Айбибі, технология, өнер, дизайн және креативті индустрия секциясы, тақырыбы «Апельсин қабығынан табиғи ауа тазартқыш жасау», жетекшісі Ерназарова Меруерт Елшибаевна
- 3 орын- 8 С класс оқушысы Бекетов Тамерлан, Физика, ғарыш және Жер туралы ғылымдар секциясы, тақырыбы «Преобразование энергии шагов учащихся в электричество при входе в школу», жетекшісі Балмұхан Инабат Нұрбекқызы
- 3 орын- 5 Ә класс оқушысы Ерболат Әлинұр, Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация секциясы, тақырыбы «“English Memory Lab”: қай әдіспен сөз ұзақ есте қалады?», жетекшісі Сәрсенбайқызы Гүлсезім
- 3 орын- 5 В класс оқушысы Шымбаев Әнуар, Шетел тілдері және мәдениетаралық коммуникация секциясы, тақырыбы «“English Memory Lab”: қай әдіспен сөз ұзақ есте қалады?», жетекшісі Серікбаева Айгерім Қалабайқызы
- 3 орын- 8 В класс оқушысы Кәдір Жанәділ, 8 И класс оқушысы Қаратентек Санжар, Туризм, спорт және өмір қауіпсіздігі секциясы, тақырыбы «Ақтөбе қаласының климаттық жағдайында ағаш отырғызудың тиімділігі», жетекшісі Бақытжанова Бұлбул Қанатқызы
- 3 орын- 5 Ж класс оқушысы Еркаш Асылзат, Химия және биология секциясы, тақырыбы «Дәмнің артындағы химия: топико сусыны құрамын тәжірибе жұмыстары арқылы зерттеу», жетекшісі
Жас дарындардың бойындағы зерттеушілік қабілетін шыңдап, ғылымға деген қызығушылығын арттыруға үлес қосқан жетекші ұстаздарға және жеңіс жолында аянбай еңбек еткен оқушыларымызға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жас зерттеушілеріміздің алар асуы биік, қадамдары нық, ғылыми ізденістері нәтижелі болсын!
Бүгінгі жеңіс – ертеңгі үлкен жетістіктердің бастауы! 🌟
Жеңістеріңіз құтты болсын!



















Русский
Қазақша