🏫 Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында кезекті педагогикалық кеңес отырысы өтті. 

📝Кеңес барысында 2–11 сынып оқушыларының білім сапасы талданып, пәндік үлгерім деңгейі сарапқа салынды. Оқушылардың жетістіктері мен оқу үдерісіндегі өзекті мәселелер жан-жақты қаралды.

📊 Сонымен қатар, 5–11 сыныптар арасындағы мектепішілік пәндік олимпиаданың қорытындысы шығарылып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар мен мұғалімдердің еңбегі атап өтілді. Олимпиада жеңімпаздары қалалық кезеңге жолдама алды.

👩‍🏫 Кеңес барысында оқыту мен тәрбиелеу ісін жетілдіру бойынша тиімді ұсыныстар айтты. Жаңа оқу кезеңіне нақты міндеттер мен бағыттар белгіленді.

💡 Педагогикалық кеңес – ұжымдық шешімдер алаңы. Бірлік пен жауапкершілік арқылы білім беру сапасын арттыру – басты мақсатымыз!