📌 Мектепішілік бақылау есебі бойынша отырыс өтті

Мектепте мектепішілік бақылау нәтижелері бойынша отырыс өткізілді. Жиында оқу-тәрбие процесінің жай-күйі, сыныптардағы білім сапасының деңгейі және анықталған олқылықтар жан-жақты талқыланды.

Отырыс барысында класс сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Атап айтқанда, оқушылардың оқу мотивациясын көтеру, сабақта тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану, кері байланысты жүйелі ұйымдастыру және ата-анамен жұмысты күшейту мәселелеріне баса назар аударылды.

Қорытындылай келе, білім сапасын көтеру – ортақ жауапкершілік екені айтылып, алдағы кезеңге нақты міндеттер мен бағыттар белгіленді. Ұсынылған шаралар оқу процесінің сапасын жақсартуға оң ықпал етеді деп күтілуде.