18 ақпан күні мектебімізде 4 класс оқушылары арасында өткен лингвистикалық және математикалық олимпиаданың

18 ақпан күні мектебімізде 4 класс оқушылары арасында өткен лингвистикалық және математикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты ұйымдастырылды.

Олимпиада барысында оқушылар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тілдік және математикалық сауаттылықтарын жоғары деңгейде көрсете білді. Әрбір қатысушы тапсырмаларды жауапкершілікпен орындап, үздік нәтижеге ұмтылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Бұл жетістік – оқушыларымыздың табандылығы мен ұстаздарының жүйелі еңбегінің нәтижесі.

Барлық қатысушыларды құттықтай отырып, алдағы білім бәйгелерінде де биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз