"Ақтөбе қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная средняя школа-гимназия имени Динмухамеда Конаева" государственного учреждения Отдел образования города Актобе

1 класқа қабылдау 2024

«Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ

2024 жылдың 1 қыркүйегінде қабылданатын 1 класс ата-аналары

 www.egov.kz порталы арқылы төмендегі құжаттарды ұсыну керек:

Қызметті онлайн алу

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

 2) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Профилактикалық екпелер картасы»                 № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

3) баланың 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фотосуретi.

— көрсетілетін қызметті берушіге (қағаз түрінде):

1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес нысан бойынша ата-аналардың немесе басқа заңды өкілдердің өтініші;

2) жеке басын растайтын құжат (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады) немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;

 3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Профилактикалық екпелер картасы» № 065/у нысанды және «Бала денсаулығының паспорты» № 052-2/у нысанды медициналық анықтамалар;

4) баланың 3х4 см өлшеміндегі 2 дана фотосуретi.

Тиiстi мемлекеттiк органдар шектеу iс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгiзілген, белгiлi бiр аумақта әлеуметтiк, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда шектеу шараларын алып тастау, төтенше жағдайды тоқтату шаралары қабылданға дейін № 065/у және № 052-2/у нысанындағы медициналық анықтамаларды осы аумақтағы көрсетілетін қызметті алушылар тікелей білім беру ұйымына қажеттілігіне қарай береді.

Қызметті онлайн алу үшін  төмендегі сілтеме арқылы өтуге болады:

https://egov.kz/cms/kk/services/secondary_school/pass_mp_203

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НӘТИЖЕСІ

Порталға жүгінген кезде:

«Білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнаулы)» мемлекеттік қызмет көрсету туралы хабарлама немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

1-сыныпқа қабылданған кезде 25 тамыздан «электрондық үкімет» порталының жеке кабинетіне хабарлама және орта білім беру ұйымдарының білім беру қызметтерін көрсетудің электрондық шартына қол қою қажеттілігі туралы көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефон нөміріне СМС-хабарлама жіберілетін болады.

Композиттегі қызметтерді таңдау кезінде:

Жалпы білім беретін мектепте тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.

Жалпы білім беру ұйымына және үйге тегін тасымалдауды ұсыну туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жіберіледі.