9-сынып оқушыларымен «Үнсіз қалма» подкасты

      Мектепте 9-сынып оқушыларымен «Үнсіз қалма» подкасты аясында психолог маманның қатысуымен сұхбат ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың психологиялық сауаттылығын арттыру, өз ойы мен сезімін ашық жеткізуге үйрету, қиын жағдайларда үнсіз қалмай, көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру.Сұхбат барысында оқушылар өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, түрлі өмірлік жағдайлар бойынша психологтан кеңес алды. Сонымен қатар, буллингтің алдын алу, эмоционалдық күйді басқару, өз-өзіне сенімділікті қалыптастыру тақырыптары кеңінен талқыланды.Іс-шара оқушылар үшін пайдалы әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, ашық пікір алмасуға қатысты.

Қорытынды:Жүргізілген жұмыс оқушылардың психологиялық қолдау алуына, өз мәселелерін еркін айтуына және қиындықтарды бірге шешуге бағытталған маңызды қадам болды.