«Айналайын» жазғы лагері Алақай театрына саяхат!
Бүгін лагерь тәрбиеленушілері Алақай театрына барып, ерекше әсерге толы қойылым тамашалады. Театр әлеміне саяхат жасаған балалар қызықты кейіпкерлермен танысып, қойылымнан мол әсер алды.
Театр өнері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етеді. Балалардың жүзіндегі қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй бұл күннің сәтті өткенінің айқын дәлелі болды.
Жарқын әсерге толы тағы бір күн балалардың жүрегінде ұмытылмас естелік болып сақталары сөзсіз! 🌟
#АйналайынЖазғыЛагері #8күн #АлақайТеатры #МәдениДемалыс #БақыттыБалалықШақ

Русский
Қазақша