Бұл әдістеме – балалардың зейінін, байқағыштығын және логикалық ойлауын дамытуға арналған тиімді психологиялық тәсіл 🤍

🎯 Мақсаты:

Оқушылардың көру арқылы қабылдауын жетілдіру, салыстыру және ажырату қабілеттерін дамыту, сондай-ақ есте сақтауын арттыру.

✨ Әдістеме барысы:

🔹 Оқушыларға әртүрлі жануарлардың немесе адамдардың тек көз бөлігінің суреттері көрсетіледі

🔹 Балалар «Бұл ненің көзі?» немесе «Бұл кімнің көзі?» екенін табады

🔹 Жауаптарын дәлелдеп, өз ойларын айтады

💡 Нәтижесі:

– Зейін тұрақтылығы артады

– Қиялы мен ойлау қабілеті дамиды

– Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады

🌈 Қызықты әрі танымдық бұл әдіс бастауыш сынып оқушылары үшін өте тиімді!