«Бақытты шақ – Айналайынмен бірге»
Бүгін «Айналайын» жазғы лагерінің жабылу салтанаты ерекше форматта – қызықты квест ойыны түрінде өтті. Балалар түрлі бекеттерден өтіп, тапсырмаларды орындап, өздерінің тапқырлықтарын, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті. Көңілді ойындар мен қызықты сынақтар балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, лагерьдің соңғы күнін ерекше әсерге бөледі.
Шара барысында лагерьде белсенділік танытып, барлық іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар марапатталды. Сонымен қатар, мектеп директоры М.Н. Ербозымова балаларға жылы лебізін білдіріп, жазғы демалыстарын көңілді әрі қауіпсіз өткізулеріне тілектестік білдірді. Белсенді тәрбиеленушілерге алғыс хаттар табыстап, алдағы уақытта да биік белестерден көріне берулеріне тілегін жеткізді.

Русский
Қазақша