Би толқынында

2025 жылғы 27 қарашада Нокин мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Би толқынында» 💃🕺 атты хореографиялық байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен келген би ұжымдары қатысты.

Аталған додаға Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының қосымша ақылы би үйірмесінің екі тобы да қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті 🌟.

Байқау нәтижесі бойынша:

🥇 «Әсем гүлдер» би ұжымының кіші тобы — І орын

🥈 «Әсем гүлдер» би ұжымының ортаңғы тобы — ІІ орын

Өнерлі оқушыларымызды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! 👏👏👏

Би үйірмесінің жетекшісі: Алдиярова Эльмира Алтынбекқызы.