Би толқынында
2025 жылғы 27 қарашада Нокин мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Би толқынында» ?? атты хореографиялық байқауға еліміздің түрлі өңірлерінен келген би ұжымдары қатысты.
Аталған додаға Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының қосымша ақылы би үйірмесінің екі тобы да қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті ?.
Байқау нәтижесі бойынша:
? «Әсем гүлдер» би ұжымының кіші тобы — І орын
? «Әсем гүлдер» би ұжымының ортаңғы тобы — ІІ орын
Өнерлі оқушыларымызды жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! ???
Би үйірмесінің жетекшісі: Алдиярова Эльмира Алтынбекқызы.





Русский
Қазақша