Директор жанындағы кеңес

📚 Бүгін мектебімізде директор жанындағы кеңес отырысы өтті.

Кеңес барысында бірқатар маңызды мәселелер қарастырылды:

☀️ жазғы кезеңде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

🏕️ жазғы лагерь жұмысының ұйымдастырылуы,

🧼 сынып кабинеттерінің тазалығы мен санитарлық талаптардың сақталуы,

📝 ВС жүйесі бойынша жылдық журналдардың уақытылы әрі талапқа сай жабылуы.

Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктелді.

📌 Алдағы жұмыстардың сапалы әрі жүйелі жүргізілуі назарға алынды.