ПАШАНБАЙ ЕРЖАН САХИҰЛЫ
1997 жылы 21 қаңтарда Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде дүниеге келген. 2014-2018 жж аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде физика-математика факультетінде «5В011100-Информатика» мамандығын бітірді. 2018-2020 ж.ж аралығында Шымкент қаласында Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде «6М060100-Математика» мамандығын аяқтап, білім беру бағдарламасы бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек өтілі: 2018 жылдан бастап № 60 жалпы білім беретін орта мектебінде информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2025жылдың 11қыркүйегінен бастап Д. Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.
Марапаттары:
2020 жыл – мектеп директоры А.А Тажимишевтен «Алғыс хат».
2021 жыл – мектеп директоры А.А Тажимишевтен «Алғыс хат».
2021 жыл – Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Купеновтен «Алғыс хат».
2022 жыл – мектеп директоры А.Тажимишевтен «Алғыс хат».
2023 жыл – «Оқыту үдерісінде 3Д принтер мен робототехниканы бағдарлау тәсілдері» тақырыбында облыстық семинарда тәжірибесімен бөліскені үшін – Алғыс хат.
2023 жыл – Ақтөбе пікірталас орталығы Батыс аймақтық пікірсайысшылар қауымдастығынан – Алғыс хат.
2024 жыл – білім бөлімінің басшысы Ж.Шалабаевадан «Алғыс хат»
2024 жыл – Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептер арасында Асық ату – Диплом, 1 орын.
2024 жыл – Асық атудан ересектер арасындағы Ақтөбе облысы чемпионатында Диплом, 3 орын.
2024 жыл – Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Г.Аяповадан Алғыс хат.

Русский
Қазақша