Кітап клубының алғашқы отырысы мазмұнды әрі әсерлі жағдайда өтті.
Кітап клубының алғашқы отырысы мазмұнды әрі әсерлі жағдайда өтті. Алғашқы кездесуде клубтың мақсаты мен міндеттері таныстырылып, қатысушылар бір-бірімен жақынырақ танысты. Оқырмандар өздерінің сүйікті кітаптары туралы ой бөлісіп, алдағы жұмыс жоспары талқыланды.
Кездесу барысында кітап оқудың маңызы, оның тұлғалық дамуға әсері туралы пікірлер айтылып, ортақ ереже мен формат бекітілді. Отырыстың соңында алғашқы талқылауға ұсынылатын шығарма таңдалып, келесі кездесудің уақыты белгіленді. Осылайша кітап клубының жұмысы сәтті бастау алды.

Русский
Қазақша