Нұрисламның «Анашым-ай» әні

Нұрисламның «Анашым-ай» әні «Қазақстан балалары шексіз әлемде» республикалық балалар кинофестивалінің республикалық кезеңінде
🏆 ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🏆
«Қазақстан балалары шексіз әлемде» республикалық балалар кинофестивалінің республикалық кезеңінде “Үздік бейнеклип,бейнеролик” бағыты бойынша Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 5-сынып оқушысы Қаржау Нұр-Ислам жүлделі ІІІ орынға ие болды! 🎉👏
Нұрисламның «Анашым-ай» әніне түсірілген бейнебаяны анаға деген шексіз махаббатты, құрмет пен алғыс сезімін әсерлі жеткізіп, республикалық деңгейде жоғары бағаланды. 🌟
Жас дарын иесін және жетекшісі Жайманова Акерке Акбергеновнаны осы айтулы жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз! 🌟
Шығармашылық шабыт, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! 💐
Мектебіміздің абыройын асқақтатып жүрген шәкірттеріміздің жетістігі арта берсін!
“Анашым-ай» әніне түсірілген бейнебаян Қатысушы: Қаржау Нұрислам

Русский
Қазақша