ПЕДАГОГТЕРДІ ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ КОНКУРСЫ ТУРАЛЫ
1. «Дінмұхамед Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» КММ – сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығы талаптарына сәйкес жүргізілсін.
2. Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» сайтына, мектептің «konaevmektep.edu.kz» ресми сайтына, мектептің инстаграм «d.konaevmektepgimnaziya» және фейсбук парақшаларына төмендегі бос педагог лауазым орындары жариялансын.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап, 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі (13 тамызға дейін);
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
113. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
114. Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
115. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
116. Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
(Ақтөбе қаласы, Нұр Ақтөбе ауданы, Қарғалы т/а 12А), e-mail: d.qonaev.gimnazia@yandex.kz, ұялы телефоны: 7 775 275 75 14
2026-2027 Оқу жылының 04-13 тамыз аралығында бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар
| 1 | Оқу ісі жөніндегі орынбасары | 1 бірлік | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декреттік орын | 189 000тг-429 000 тг |
| 2 | Информатика | 16 сағат | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Декреттік орын | 164 000тг-338 000 тг |
| 3 | Тарих | 16 сағат | Қазақ тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг-338 000 тг |
| 4 | Химия | 8 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг-338 000 тг |
| 5 | Көркем еңбек (ер балаларға) | 16 сағат, 2 орын | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг-338 000 тг |
| 6 | Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары | 1 бірлік | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 189 000тг-429 000 тг |
| 7 | Әлеуметтік педагог | 1 бірлік | Қазақ, орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 170 000тг- 265 000 тг |
| 8 | Ағылшын тілі | 16 сағат | Орыс тілінде оқытылатын кластар үшін | Тұрақты орын | 164 000тг-338 000 тг |

Русский
Қазақша