Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу.

Бүгін 11 мамыр күні Д. Қонаев ЖББОМГ  асханасында тамақтану сапасын бақылау мақсатында мониторинг жүргізілді. 

Бақылау барысында санитарлық талаптар, тағам сапасы, сақтау шарттары және қызмет көрсету деңгейі қаралды. Ұжым жауапкершілікпен жұмыс атқарып, барлық талаптардың сақталуына мән берілді.

Басты мақсат — оқушыларға сапалы әрі қауіпсіз тағам ұсыну. Алдағы уақытта да қызмет сапасын одан әрі жақсарту бағытында жұмыс жалғасады. 👩‍🍳 Оқушылардың  жайлы әрі сапалы тамақтануы 🍎 үшін асханаға жаңа ыдыстар алынды 🍽️ . Жаңартылған ыдыстар асхананың көркін арттырып қана қоймай, тазалық пен қауіпсіздік  талаптарына сай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.Тексеру нәтижесінде тағамдардың санитарлық талаптарға сай екені анықталды. Асханадағы тамақтану сапасы жақсы деп бағаланды.”