Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу.
25 ақпан күні Д.Қонаев атындағы ЖББОМГ асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы жұмыс жүргізді. Мектеп асханасына қатысты мониторинг мына бағыттарды қамтиды:
📌Гигиена және тазалық 📌Асхана мен ас үйдің тазалығы. 📌Тағам дайындау және сақтау аймақтары тазалық стандартына сәйкестігі бақыланды. Бұл ыдыс аяқтарды 🍽️дұрыс жуу, тамақ дайындау 🥣орындарын тазалау және қоқыстардың уақытылы шығарылуы.
Қызметкерлердің гигиенасы: Асхана қызметкерлерінің арнайы киім👩🍳 киіп, жеке гигиена ережелерін сақтауы тексерілді(қол жуу, шашты жинау, қолғаптар мен маскаларды қолдану). Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшалары📝 тексерілді.
2025-2026 оқу жылының II – жарты жылдығы бойынша 1- 4 кластардың 1491 оқушысы және 5-11 кластардың 479 оқушысы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Русский
Қазақша