ТАЗА АУА -ЖАНҒА ҚУАТ
🌿☀️ Ойын алаңы оқушылары үшін ерекше әрі көңілді күн болды. Табиғат аясында таза ауада демалып, көтеріңкі көңіл күймен пикник ұйымдастырды. Балалар түрлі ойындар ойнап, қызықты әңгімелер айтып, бір-бірімен достық қарым-қатынастарын нығайтты.
Пикник барысында оқушылар табиғаттың сұлулығын тамашалап, сергек демалып, ұмытылмас әсерге бөленді. Осындай қызықты сәттер балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі көңілді өткізуіне мүмкіндік береді.
🌞 Жазғы демалыстың әр күні – жаңа әсер мен жарқын естеліктерге толы! 🌿🍉🧺✨




Русский
Қазақша