Жас ұрпақтың табиғатқа жанашырлығы – игі дәстүр жалғасы

 Бүгінде өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру – қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқан білім ордаларында табиғатты аялау мен қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған игі шаралар тұрақты дәстүрге айналған.

Осы орайда мектебімізде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, еңбекке баулу және туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға бірінші сынып оқушылары мен балабақшаның мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндері белсене қатысып, мектеп ауласына барқытгүл көшеттерін екті.

Кішкентай бүлдіршіндердің табиғатқа деген қамқорлықты кішкентай кезінен бойына сіңіріп, ортақ іске атсалысуы – тәрбиелік мәні зор қадам. Олар үлкендердің көмегімен гүл егіп қана қоймай, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын түсінді.