«Жас мамандар апталығы»

«Жас мамандар апталығы» аясында ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың қатысуымен логопед, арнайы педагог және көркем еңбек пәні мұғалімінің бірлескен ұйымдастыруымен «Карта эскизін жасау» атты шығармашылық іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қиялын ұштау, ұсақ моторикасын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын, танымдық белсенділігін және эстетикалық талғамын қалыптастыру болды.

Шара барысында оқушылар түрлі материалдарды пайдалана отырып, өз қиялындағы бейнелерді қағаз бетіне түсіріп, ерекше карта эскиздерін әзірледі. Әрбір жұмыстан баланың шығармашылық ойы, арманы мен өзіндік көзқарасы анық байқалды. Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-бірінің жұмыстарын тамашалап, пікір алмасты.

Іс-шара барысында логопед оқушылардың тілдік қарым-қатынасын дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіп, өз ойын дұрыс жеткізуіне қолдау көрсетті. Арнайы педагог әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмаларды орындауға бағыт-бағдар беріп, қажетті педагогикалық қолдау ұйымдастырды. Ал көркем еңбек пәні мұғалімі балалардың шығармашылық қабілеттерін шыңдап, эскиз жасау тәсілдерін үйретіп, көркемдік талғамын дамытуға ықпал етті.

Мамандардың өзара бірлескен жұмысының нәтижесінде оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық тапсырмаларды үлкен қызығушылықпен орындады. Сабақ барысында жағымды психологиялық ахуал қалыптасып, балалардың өзіне деген сенімі артып, шығармашылық әлеуетін еркін көрсетуіне мүмкіндік жасалды.

Осындай пәнаралық бірлескен жұмыстар ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың жан-жақты дамуына, әлеуметтенуіне және білімге деген қызығушылығын арттыруға үлкен ықпал етеді. Жас мамандардың ізденісі мен кәсіби ынтымақтастығы білім беру үдерісінің сапасын арттырып, әрбір баланың мүмкіндігін ашуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
https://www.instagram.com/reel/DVyOKo9DHwb/?igsh=N3l2a2Z1ZGhlYnZ4