Жас мамандар мен тәлімгерлердің өзара тәжірибе алмасуына арналған ерекше форматтағы отырыс өтті
Жас мамандар мен тәлімгерлердің өзара тәжірибе алмасуына арналған ерекше форматтағы отырыс өтті. Кездесу барысында тәжірибелі мұғалімдер өздерінің кәсіби жолындағы пайдалы әдіс-тәсілдерімен, өмірлік және педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Еркін форматта ұйымдастырылған отырыс жас мамандарға ой қозғап, сұрақ қоюға, өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік берді. Ал тәлімгерлер үшін бұл – жас әріптестерге бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсету алаңы болды.
Осындай мазмұнды кездесулер жас мамандардың кәсіби дамуына серпін беріп, ұжымдағы сабақтастықты нығайта түсетіні сөзсіз.


Русский
Қазақша