«Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп- гимназиясында 1 маусым балаларды қорғау күніне арналған «Жомарт жүрек» қайырымдылық акциясы өткізілді.Акцияның мақсаты ата-ана қамқорлығынсыз қалған бірнеше баланың жауапкершілігін өз мойындарына алып қамқорлық танытып отырған қамқоршыларға ілтипат білдіріп алғыс айту. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды өз қамқорлығына алып ,тәрбиелеп отырған қамқоршыларға  әр балаға 30000 теңгелік сертификат табысталды.      

Уразалиева Жанай Ғалиевна- 90 000 теңге 

Қаржаубаева Назгүл Мұхитқызы -60000 теңге

Сатубалдинова Айсауле Кенжегереевна-30000 теңге

Аблаев Әбілхайыр Аблайұлы-30000 теңге 

 Конирова Салима Калабаевна-30000 теңге

 Кисилева Елена Вальеревнаға-60000 теңге 

Балаға жылы сөз, қауіпсіз мектеп, түсінетін ересек адам керек. «Жомарт жүрек» — осының бәрін біріктіретін акция.

 Мектеп әкімшілігі сіздерге алғыс білдіреді. Балаларыңыздың жетістігі-сіздердің жеңістеріңіз,балаларыңыздың күлкісі-сіздердің сыйларыңыз. Әр баланың балалық шағы алаңсыз, әр жүрек жомарт болсын!

«Баланы қорғайық — болашақты сақтайық!