Сен жалғыз емессің
Мектепте оқушылардың психологиялық саулығын сақтау, қолдау көрсету және сенім атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Сен жалғыз емессің» атты акция ұйымдастырылып өткізілді.Аталған акция барысында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету, олардың ішкі сезімдерін ашық білдіруіне мүмкіндік жасау, қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара аясында:
- оқушылармен тренингтер мен әңгімелесу жұмыстары өткізілді;
- сенім жәшігі арқылы анонимді хаттар қабылданды;
- психологиялық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылды;
- сынып жетекшілерімен бірлесе отырып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Акция нәтижесінде оқушылардың мектеп психологына деген сенімі артып, өз мәселелерімен бөлісуге деген белсенділігі байқалды. Кейбір оқушыларға жеке психологиялық қолдау көрсетіліп, бақылауға алынды.Жалпы,«Сен жалғыз емессің» акциясы оқушылардың эмоционалдық жағдайын жақсартуға, өзара түсіністік пен қолдау мәдениетін қалыптастыруға оң әсерін тигізді.
Қорытынды:Акция мақсатына жетті деп есептеледі. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғастырылатын болады.

Қазақша
Русский