Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу.

2026 жылдың 7 қыркүйек күні Д. Қонаев атындағы  ЖББОМГ асханасында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы жұмыс жасады. Комиссия құрамында мектеп-гимназия директоры М.Н.Ербозымова,  директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары С.Қ.Қиынбаев, қамқоршылық кеңестің мүшесі Э.Утепбаева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары  Н.К.Давлетова, Б,К.Калитов, мектеп медбикесі М.А.Имангалиева, әлеуметтік педагогтар  И.Н.Баймукашева, С.С.Бүркітбай  болды.

Жұмыс барысында комиссия келіп түсетін тамақ өнімдерінің сапасына, тауар өндірушілердің тамақ өнімдерінің сертификаттарына аса назар  аударды. Дайындалған тағамдардың сапасын, технологиялық жабдықтарды және олардың жарамдылық мерзімдерін, азық – түліктерді, дайын тағамдарды сақтау, жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуын, балалардың нақты тамақтану рационының күнделікті, перспективалық ас мәзірінің сәйкестігін, асхананың санитарлық жағдайын тексерді.

Гигиена және тазалық

— Асхана мен ас үйдің тазалығы. Тағам дайындау және сақтау аймақтары тазалық стандартына сәйкестігі бақыланды. Бұл ыдыс аяқтарды дұрыс жуу, тамақ дайындау орындарын тазалау және қоқыстардың уақытылы шығарылуы.

-Қызметкерлердің гигиенасы: Асхана қызметкерлерінің арнайы киім киіп, жеке гигиена ережелерін сақтауы тексерілді (қол жуу, шашты жинау, қолғаптар мен маскаларды қолдану). Асхана қызметкерлерінің медициналық кітапшалары тексерілді. 

2026-2027 оқу жылында 1- 4 кластар бойынша 1480 оқушы және 5-11 кластар бойынша 349 оқушы мектеп асханасынан тегін ыстық тамақ ішеді.