Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу

2026 жылғы 7 қазан күні Д. Қонаев атындағы ЖББОМГ асханасында білім алушылардың тамақтану сапасына мониторинг жүргізілді.

Мониторинг барысында комиссия мүшелері асханаға келіп түсетін азық-түлік өнімдерінің сапасын, өнімдердің тиісті сертификаттарының болуын және жарамдылық мерзімдерін тексерді. Сонымен қатар дайын тағамдардың сапасына, тағамдарды дайындау технологиясының сақталуына, технологиялық жабдықтардың жағдайына ерекше назар аударылды.

Тексеру кезінде азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау және жеткізу талаптарының орындалуы, күнделікті және перспективалық ас мәзірінің балалардың нақты тамақтану рационына сәйкестігі қаралды.

Сондай-ақ асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы мен тазалық талаптарының сақталуы бақылаудан өткізілді.